loader


Хоккейден Канаданың әйелдер құрамасы Олимпиаданың жеңімпазы атанды

Хоккейден Канаданың әйелдер құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиаданың жеңімпазы атанды, деп жазады Vesti.kz

Олимипиаданың финалында Канада құрамасы АҚШ аруларымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Ал қола жүлде Финляндияға бұйырды. Олар үшінші орын үшін кездесуде Швейцария құрамасынан 4:0 есебімен басым түсті. 

Бұл жеңістен кейін Канада құрамасында төртінші алтын (4-4-11) болды. Осылайша, олар жалпыкомандалық есепте Ресей (4-8-12) мен Францияны (4-7-2) қуып жетті. Көш басында Норвегия құрамасы (13-7-8) тұр.