Бейжің-2022: конькиші қыздарымыз үздік ондықтың қатарына ене алмады

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында әйелдер арасында 1000 метрге конькимен жүгіруден жарыстары аяқталды. Бұл сында Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынады.

Бұл қашықтықты Надежда Морозова 1:15.69 минутта бағындырып, қорытынды хаттамада 11-сатыға жайғасты.

Ал Екатерина Айдова 1:16.70 уақыт көрсеткішімен 19-орынға тұрақтады.

Жеңімпаз атағын жапониялық Михо Такаги иеленді – 1:13.19. Екінші орын Нидерланд өкілі Ютты Лердамның еншісінде – 1:13.83. Ал қола медаль американдық Бриттани Боуиге тиесілі – 1:14.61.