Қытайда Олимпиада рекорды жаңарды

Олимпиада рекорды жаңарды. Күні кеше конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы мың метрлік бәсеке өтті.

Бұл сында жапониялық Михо Такаги топ жарды. Ол аталған аралықты 1 минут 13.19 секундта жүріп өтті. Үздік үштікті Нидерланд пен АҚШ спортшылары түйіндеді. Ал ел намысын қорғаған Надежда Морозова 11-сатыға тұрақтады. Тағы бір жерлесіміз Екатерина Айдова жарыс қорытындысы бойынша 19-сатыдан ғана табылды. Осы жеңістің арқасында Жапония құрамасы жалпы есепте 12-ші сатыға көтерілді. Ал жалпы есепте Норвегия құрамасы топ бастап тұр. Оның өкілдері 29 медаль жеңіп алды. 14-і алтын. Одан кейін өкшелеп Германия келеді. АҚШ пен Швеция да тізімнің бірінші сатысына шығуға дәмелі. Ал ұлттық құрама қоржыны әзірге бос. Айта кетейік, Бейжіңдегі ойындар 20 ақпанға дейін жалғасады.