Хоккейден Финляндия құрамасы Олимпиада финалына шықты

Финляндия Бейжің олимпиадасының хоккей турниріндегі алғашқы финалист атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Финляндия құрамасы Словакияны 2:0 есебімен жеңді.

Есеп бірінші кезеңде ашылды, кейін матч соңында словакиялықтар қақпасынан ойыншыға ауыстырғанда фин хоккейшілері есепті ұлғайта алды.

Жартылай финалдың екінші матчында Ресей мен Швеция кездеседі. Ойын елорда уақытымен 19:10-да басталады.