Бейжің-2022: конькишілер Морозов пен Кузин медальсіз қалды

Бейжіңде 2022 жылғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 1000 метр қашықтықта конькимен жүгіру спорты бойынша жарыстар аяқталды.

Бұл сында екі қазақстандық бақ сынады, деп хабарлайды «Қазақ спорты».

Командадағы үздік нәтижені Дмитрий Морозов көрсетті. Ол қашықтықты 1:09.61-де өтіп, нәтижесінде 17-орын алды, Денис Кузиннің уақыты – 1:10.077.  Осылайша 2013 жылғы әлем чемпионатында дәл осы қашықтықта топ жарған Кузин Бейжіңде 23-орынды қанағат тұтты.

Алтын медаль Нидерланд спортшысы Томас Кролға бұйырды – 1:07.92. Екінші орында канадалық Лорен Дюбрейл тұр – 1: 08.32. Үздік үштікті Ховар Холмефьюр Лорентцен (Норвегия) қорытындылады – 1:08.48.