Елдегі спорт саласын қаржыландыру жүйесі өзегереді

Елімізде енді олимпиадаға дайындыққа ақша бөлінбейді. Кешелі бері осындай ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі сәл қате. Өйткені дайындық барысы және қаржылай қолдау сол күйі қала береді. Тіпті артуы да мүмкін. Өзгеретіні – ақша олимпиадалық комитет арқылы емес, құзырлы министрлік арқылы бөлінбек. Оның ағымын кейінгісі реттейді және бақылайды. Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады. Бірақ ресми пікір білдірмеді. Ол жөнінде 25 ақпан күні олимпиада қортындысына арналған жиында айту жоспарланып отыр. Белгілісі – бастама өткен айда қолға алынды және аталмыш өзгеріс бірінші сәуірден бастап күішіне енеді.