Бейжің-2022: вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырудың бірде-бір оқиғасы расталмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай жағдай олимпиада басталған 2 апта ішінде алғаш рет орын алып тұр. Ұйымдастырушылар қатаң шектеу шаралары өз нәтижесін бергенін айтады. Мұнда спортшылар, қызметкерлер мен тілшілер жұршылықтан оқшауланған. Олар күнде ПТР-тест тапсырады. Мәселен, кейінгі тәулікте 69 мың тест жасалған. Сөйтіп ешбірі оң нәтиже көрсетпеген.