«Конькидегі соңғы старт». 19 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады?

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының 15-күнінде қазақстандықтар екі спорт түрінде өнер көрсетеді.

Конькимен жүгіруде масс-старт жарыстары өтеді - ел намысын Надежда және Дмитрий Морозовтар қорғайды. Расын айтқанда, спортшыларымыз финалға шыққанының өзі жеңіс болар еді.

Шаңғышылар Евгений Величко мен Виталий Пухкало да масс-стартқа шығады, олар еркін жүріспен 50 шақырымға жарысады. 

19 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғы жарысы
12:00 Масс-старт, 50 км. Ерлер. Еркін жүріс.

Конькимен жүгіру спорты
13:00 Масс-старт. Ерлер. Жартылай финал
13:45 Масс-старт. Женщины. Жартылай финал
14:30 Масс-старт. Ерлер. Финал
15:00 Масс-старт. Женщины. Финал

Қайдан көруге болады:
Хабар, Матч ТВ, Мат Арена - 12:55 (конькимен жүгіру спорты)
Qazaqstan, Россия 1 - 11:55 (шаңғы жарысы)

* Нұр-Сұлтан уақытымен
Фото: ҰОК