Бейжің Олимпиадасында допинг қолданған спортшының кінәсі дәлелденді

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада допинг-сынамада оң нәтиже көрсеткен спортшыны Спорттық арбитраждық соты кінәлі деп таныды.

Тестілеуден кейін ирандық шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Спортшының сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиті табылған.

36 жастағы Хуссейн Савех-Шемшаки Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран елінің туын алып шыққан. Қазір ережеге сәйкес ол жарыстан шеттетілген.

Савех-Шемшаки – танымал спортшылардың бірі. Ол 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

 

Сондай-ақ...