Бейжің-2022:Қытайлық мәнерлеп сырғанаушылар әлем рекордын жаңартты

Мәнерлеп сырғанаудан Қытай құрамасының спортышлары Суй Вэньцзин мен Хань Цун ұпай алу көрсеткіші бойынша әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды vesti.kz.

Олимпиада астанасында жарыс қожайындары 84,41 ұпайын алған.

Осыған дейін әлем рекорды дәл осы Бейжің төрінде (82,83) тіркелген еді.

Еске салайық, қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша ресейлік Евгения Тарасова мен Владимир Морозов, Анастасия Мишина мен Александр Галлямолар үздік үштікке енді.