Олимпиадада қазақстандық шаңғышы қатысатын марафон сайысының жарыс жолы қысқартылды

Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары Чжанцзякоу қаласында ауа райы нашарлауына байланысты шаңғы жарысынан ерлер арасындағы масс-стартты 50-ден 30 шақырымға қысқартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марафон елорда уақытымен 12:00-де басталады деп жоспарланған. Енді жарыс 13:00-де бастау алады. 

Қазақстан намысын бұл жарыста Евгений Величко қорғайды, ол 43-нөмірмен сынға түседі.