Бейжің-2022: шаңғышы Величко Олимпиада ойындарында 43-орын алды

Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан масс-старт бәсекесінде медальдар табыс етілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтық 50 шақырымнан 30 шақырымға қысқарды.

Бұл сында Қазақстан атынан өнер көрсеткен Евгений Величко 43-орынға табан тіреді.

Ресейлік спортшылар Александр Большунов пен Иван Якимушкин алтын мен күміс медальді өзара бөлісті. Ал қола жүлде норвегиялық Симен Хегстад ​​Крюгерге бұйырды.

Олимпиада. Шаңғы жарысы. Масс-старт. 30 км. Ерлер

1. Александр Большунов (Ресей) – 1:11:32.7
2. Иван Якимушкин (Ресей) +5.5
3. Симен Хегстад Крюгер (Норвегия) +7.0
…43. Евгений Величко (Қазақстан) +7:11.1

 

 

Сондай-ақ...