Ешкімге қарамастан алға ұмтылуым керек еді – Конькиші Морозова

Бейжің Олимпиадасында конькишілер жарысы да мәресіне жетті. Ақ айдында ақпанның бесінен бері коньки спортынан 14 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Соның басым көпшілігі Нидерланд қыз-жігіттерінің қанжығасында кетті. Әсіресе осы ойындарда Ирен Схаутеннің жұлдызы жанды. 29 жастағы қызғалдақты елдің конькишісі төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяде тек қола жүлдені қанағат тұтса, Бейжіңде үш дүркін Олимпиада чемпионы атанды. 49 жастағы аты аңызға айналған неміс конькишісі Клаудио Пихштайнның ерлігіне тәнті болдық. Сонау 1992 жылдан бері Олимпиада ойындарына қатысып келе жатқан ардагер спортшының бүгін масс старта жарыс жолына шығып, финалға жолдама алуының өзі таңдай қақтырарлық нәтиже. Осы сайыста біздің Надежда Морозова да финалға жолдама алған. Алайда жерлесімізге жүлденің ауылы тым алыс еді. Жарыс қортындысы бойынша Морозова 14-сатыдан көрінді. Ал ерлер арасында Дмитрий Морозов іріктеу кезеңінен аса алмады.

Надежда Морозова, конькиден ұлттық құрама мүшесі:

- Менің жағдайымда жарыс жолында ешкімге қарамай кете беруім керек еді. Бірнеше адам құлап жатқанда сасқалақтағаным рас. Қолымнан келгеннің барлығын жасадым.

Дмитрий Морозов, конькиден ұлттық құрама мүшесі:

- Менің Олимпиада ойынында көрсеткен нәтижем жаман емес деп айтар едім. Бірақ одан да жоғары нәтиже күткенім рас. Дайындық барысында өте жақсы көрсеткіш бар еді. Дегенмен, толық өзімді көрсете алмадым. Келесі Олимпиадаға тың дайындықпен келемін.