2022 жылғы қысқы Олимпиада қорытындысы бойынша көшбасшы ел белгілі болды

Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында жалпы есепте ең көп медаль жеңген ел белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Мерзімінен бұрын бұл атақты 15 алтын, 8 күміс, 12 қола медальмен Норвегия жеңіп алды. Қоржынында 10 алтын, 7 күміс, 5 қола медалі бар Германия екінші орында болса, үштікті АҚШ (8-9-6) жауып тұр.  

Олимпиадада енді жеті медаль жиынтығы ойнатылады. Алайда сайыстың аяқталуына бір күн қалса да, бұл есепте Норвегияны ешбір ел жеңуі мүмкін емес. 

Осылайша Норвегия қатарынан екінші рет қысқы Олимпиада көшбасшысына айналып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы бұл сайыста бір де бір медаль қоржынға сала алмады.