Қазақстан құрамасы Тель-Авивтегі «Grand Slam» жарысын үш медальмен аяқтады

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тель-Авивтегі әлемдік "Grand Slam" жарысын бір күміс және екі қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бүгін, жарыстың үшінші күнінде отандық татами шеберлері жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Қазақстан сапынан Назгүл Маратова жұбаныш финалына шыққанымен, қола жүлде үшін таласта қарсыласына жол берді. 78 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол қола жүлде үшін белдесуде франциялық Джулия Толофуадан ұтылып, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы аталған жарыста бір күміс және екі қола медаль жеңіп алған болатын. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Бауыржан Нарбаев жарыстың күміс жүлдесін иеленсе, Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Жансай Смағұлов (73 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.