Ерекше нәтиже: Обамеянг «Барселона» сапында да хет-трик жасады

Ерекше нәтиже: Обамеянг «Барселона» сапында да хет-трик жасады
Фото - Getty Images

«Барселонаның» жұлдызды шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг алғашқы хет-тригін орындады.

32 жастағы габондық ХХІ ғасырда Францияның Лига 1 турнирінде, Германияның Бундеслигасында, ағылшынның Премьер-лигасы мен Испанияның Ла Лигасында хет-трик жасаған алғашқы футболшы атанды. Бұл туралы Squawka хабарлайды.

Испания чемпионатының 25-турында «Барселона» «Валенсияны» 4:1 есебімен ұтты. Хави шәкірттерінің ішінде Обамеянгтен бөлек Фрэнки де Йонг те мергендігімен көзге түсті.

Естеріңізде болса, Пьер-Эмерик дәл осы алаңда «Арсенал» сапында жүрген кезде де «Валенсияның» қақпасына үш гол соққан болатын.