Футбол: Мәскеулік «Динамоның» түлегі «Атырауға» ауысты

Мәскеулік «Динамоның» түлегі Анатолий Катрич «Атыраудың» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

27 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы «Динамо» сапында 116 матчқа (49-ы негізгі командада) қатысқан. 

Одан бөлек ойыншы «Краснодар», «Урал», «Луч» және «Текстильщик» командаларында өнерк өрсеткен.