Таэквондо: қазақстандық спортшы халықаралық турнирде екінші орын алды

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Албанияның Тирана қаласында Президент кубогына қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған ірі турнирдің бүгін бірінші жарыс күні өтті.

Жарыстың алғашқы күні өнер көрсеткен қазақстандық Смайыл Дүйсебай күміс медаль жеңіп алды. Ол 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.

Айта кетейік, турнир 23 ақпанға дейін жалғасады.