Werder командасындағы Кирилл Герасименко Германия чемпионатында жеңіске жетті

Werder командасындағы Кирилл Герасименко Германия чемпионатында жеңіске жетті
olympic

Бременде үстел теннисінен Германия чемпионатының 18-ші туры аясында жергілікті Werder және Бергнойштадттың TTC Schwalbe командалары арасындағы матчтар өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бремен командасының құрамында Маттиас Фальк (Швеция), Кирилл Герасименко (Қазақстан) және Хунор Сёч (Румыния) сынға түсті. Кездесу қорытындысы бойынша Бремен жеңіске жетті. Сіздердің назарларыңызға матчтардың нәтижелерін ұсынамыз.

Маттиас Фальк (Werder) - Альваро Роблес (TTC Schwalbe) 3:0

Хунор Сёч (Werder) - Бенедикт Дуда (TTC Schwalbe) 2:3

Кирилл Герасименко (Werder) - Альберто Мино (TTC Schwalbe) 3:2

Маттиас Фальк (Werder) - Бенедикт Дуда (TTC Schwalbe) 3:1. 

Жарыс аясындағы кездесу 3:1 есебімен аяқталды.