Олимпиадаға қатысқан тағы бір спортшы допингпен ұсталды

Бейжің Олимпиадасы аяқталды. Бірақ оның төңірегіндегі дау басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы тағы бір мәнерлеп сырғанаушыдан допинг табылды. Испаниялық Лаура Баркероның сынамасы оң нәтиже көрсетті. Ол жерлесі Марко Дзандронмен бірге жұптық сынға қатысқан болатын.

Айта кету керек, жұптық сында Испания спортшылары алғаш өнер көрсетіп тұр. Қысқа бағдарламадан кейін олардан допинг сынама алынды. Енді одан тыйым салынған препарат анықталып отыр. 20 жастағы Баркероның мәселесін алдағы уақытта спорттық арбитражы сот қарап, тиісті шешімді шығарады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік Камила Валиеваға қатысты да осындай дау болды. Кейін 15 жастағы спортшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алып командалық сында 1, жекелей сында 4-орынға тұрақтады. Ал қазақсандық спортшылар биыл Олимпиадаға қатыспады. Еліміздің басты үміті Елизабет Тұрсынбаева өткен жылы кәсіпқой мансабын аяқтады.