Назым Қызайбай «Странджа кубогы» турнирінің жартылай финалына шықты

Назым Қызайбай «Странджа кубогы» турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай «Странджа кубогының» жартылай финалына шықты. Турнир осы күндері Болгарияның астанасы Софияда өтіп жатыр.

Ширек финалда Қызайбай испаниялық спортшы Лаура Фуертес Фернандеспен 50 килограмға дейінгі салмақ санатында жекпе-жекке шығып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.

Қазақстандық 2014 және 2016 жылдары Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда екі дүркін әлем чемпионы атанған.