476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҰОК Абзал Әжғалиевтің сынына жауап берді

  • 214
  • UPD: 09:48, 24.02.2022
ҰОК Абзал Әжғалиевтің сынына жауап берді Zakon.kz

Олимпиадада ең жоғары көрсеткіш көрсеткен шорт-трекші Абзал Әжғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жарақат алған спортшыларға көмек көрсетілмейтін мәлімдеген еді.

Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов спортшының бұл сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Шынымен де біздің нормативтік актілер бойынша жарақат алғаннан кейін емдеуге ақша бөлінбейді. Өкінішке қарай, солай. Бірақ федерация бар, демеушілер бар. Біз кейбір спортшыларға көмек көрсетеміз. Бірақ осы мәселені дұрыстап қарау керек. Бұл біздің қателік. Спортшы жарақат алса, жалғыз қалмауы қажет, көмек көрсетілуі керек. Федерация, Ұлттық Олимпиада комитеті, министрлік жанында спорттық медицинаға жауапты мекеме бар, бәрі бірігіп осы мәселені шешуі керек. Абзалдың айтқаны рас, проблема шынында да бар, – деді Елсияр Қанағатов.

Хабар 24 телеарнасы