Санкт-Петербургтегі теннис турнирі Нұр-Сұлтанға ауыстырылды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасындағы турнирді Санкт-Петербургтен Қазақстан астанасына ауыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz

ATP 250 дәрежесіндегі турнир Нұр-Сұлтанда 19-25 қыркүйек арасында өтеді. Турнир елордаға неге ауыстырылғаны хабарланды. Бірақ бұл Ресейге қатысты санкцияларға қатысы жоқ екені айтылды. 

ATP 250 сериясындағы турнир Санкт-Петербургте 26 рет өткен. Нұр-Сұлтан алғашқы турнирін 2020 жылы қабылдаған.