Спортқа жауапты мониторингтік топ Талдықорғанды текскеруде

Мониторингтік топ Талдықорғанға жетті. Спортқа жауапты министрлік мамандары өңір-өңірді аралап, сараптаманы жалғастырып жатыр.

Самат Ерғалиев бастаған топ бұл жолы Алматы облысында болып, спорттық мектептердің жағдайын, дайындық бағдарламаларын және бапкерлердің біліктілігін бақылады. Жергілікті мамандармен тілдесті. Ұсыныстарын естіді. Облыста жалпы саны 4 мыңға жуық спорт ғимараты бар. Оның басым бөлігі ауылдық жерлерде. Бұған қоса, 14 денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Іссапар соңында арнайы жиын ұйымдастырылып, осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, бұған дейін мониторингтік топ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды.

ДЗЮДО ЖАРЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Бірер күннен кейін дюздо жарыстары жанданады. Жылдың ең алғашқы бәсекесі Ақтауда өтеді. Онда жастар арасындағы ел чемпионаты ұйымдастырылмақ. Одан кейін жасөспірімдер елордада өзара мықтыны анықтайды. Қос жарыс қортындысы бойынша құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын құрама жасақталады. Дүниежүізілік дода тамыз айында Босния және Гецоговиния елінде өтеді деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта жапон жекпе-жегінің шеберлері қазір қызу дайындыққа кірісті. Тіпті, Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы жарыс алдында Қостанай және Ақмола облысының спортшыларын шақырып, бірлескен жаттығу жинынын жасап жатыр. Олар он күн бойы өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдайды.

Жандос Иркатанов, дзюдодан қалалық құраманың аға жаттықтырушысы:

– Балаларды көп күрестіріп, сынап, даярлаған әдістерін шығару, сол партерде жақсы жұмыс істеу. Негізі біздің жалпы алға қоып отырған мақсатымыз азия және әлем чемпионатына іріктеліп, қатысып, нәтиже көрсету.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕННИС ТУРНИРІ  

Жерлестердің жолы болмады. Елордада теннистен әйелдер арасындағы халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні жалғыз үмітіміз Жібек Құламбаева жеңіліс тапты. Ол польшалық Мартина Кубкамен бірге ширек финалға шығып, соңғы сында өзбекстандық спортшыларға есе жіберді. Қортынды есеп: 6:7, 6:7. Осылайша ел намысын қорған 6 қыз да жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін Екатерина Дмитриченко, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова және Гозаль Айнитдиновалар жекелей сынға қатысқан еді. Олар алғашқы айналымнан аса алмады.

Еске слайық, елордадағы жарыс Халықаралық теннис федерациясы кестесіне кіреді. Алда енді жартылай финал және финалдық сындар бар. Теннис турнирі 27 ақпанға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 60 мың долларды құрайды.