ҰОК қорытынды жиынында көпшілік көкейінде жүрген сауалдар жауапсыз қалды

Біраз бапкер қызметінен кетеді. Спортқа жауапты министрлік пен Олимпиадалық комитет қысқы ойындарды қорытындылады. Нәтижесінде құрамадағы бапкерлерді ауыстыру, балалар спортына мән беру және арнайы бағдарлама дайындау жөнінде бастамалар көтерілді. Ал дүбірлі додадағы көңіл көншітпейтін көрсеткішке кім кінәлі? Бөлінген миллиардтар қайда жұмсалды? Бұл жөнінде тұшымды ештеңе айтылмады.

Бейжің олимпиадасының аяқталғанына бір аптадай болды. Бірақ оның төңірегіндегі дау басылар емес. Осы мақсатта спортқа жауапты мамандар елордадан 200 шақырымда жатқан Щучинск қаласына барып, қорытынды жиын өткізді. Оның негізгі бөлігі 2 сағатқа созылды және онда жалпы нәтиже жайында ғана айтылды. Ал көпшілік көкейінде жүрген сауалдар жауапсыз қалды.

Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры:

Ал енді миллиардтаған қаржы қайда? Оның есебін кім береді? Өкініштісі сол, жауапты мамандар әр уақытта әртүрлі санды алға тартады. 

Андрей Крюков, Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы:

Бұл тек Олимпиадаға дайындыққа деп бөлінген қаржы. Бұған қоса жыл сайын шамамен 15 миллиард теңге ұлттық құрамалардың дайындығына қарастырылады. Олимпиадалық комитеттің бас хатшысы мемлекеттен бөлінетін әр тиынға ай сайын есеп береміз дейді. 

Айталап Құрғамбаев, Қазақстан биатлоншылар одағы президентінің орынбасары:

Бұл құзырет енді министрлікке ауысады. Яғни 1 сәуірден бастап спортшылардың дайындығын қаржыландыру Олимпиадалық комитет арқылы емес, құзырлы ведмоство арқылы жүргізілмек. Бұған қоса Олимпиада кезінде министрлік жанын мониторингтік топ құрылып, өңір-өңірді аралауға кірісті. 

Айгүл Бектенова, ҚР МСМ комитеті төрағасының орынбасары:

Бұған қоса бүгінгі басқосуда инфрақұрылымдардың жұтаңдығы, спорттық құралдар жетіспеушілігі мен бапкердердің біліктілігі сөз болды. Осыларды реттеу арқылы отандық спорттың дамуына тың серпін берілмек. Ал Бейжіңдегі қысқы ойындар бойынша бірер бапкер қызметінен кететіні айтылды. Одан үлкен ауыс-түйіс күтілмейді. Мәдениетті спорттан ажыратып, бөлек министрлік не агенттік қылу керек деген ұсыныс та әзірге қарастырылмайтыны белгілі болды. Айта кетейік, жерлестеріміз биылғы Олимпиададан құралақан қайтты.

Аслан Қаженов, Ержан Рахманбердиев