Назым Қызайбай, Дина Жоламан. Болгариядағы бокс турнирінде тағы кімдер финалға шықты?

Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогі турнирінде үшінші қазақстандық былғары қолғап шебері финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған турнирде 81 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан қазақстандық боксшы, 2016 жылы біріншілігінің чемпионы Ләззат Күнгейбаева жартылай финал жекпе-жегінде үндістандық Нандиниді 5:0 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты. Енді ол халықаралық турнирдің алтын медалі үшін сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер арасында тағы екі боксшымыз финалға шыққан. Оның бірі 50 келі салмақта сынға түскен Назым Қызайбай болса, екіншісі 54 келі салмақта ел намысын қорғаған Дина Жоламан болатын.

Өкінішке орай, бүгін тағы екі боксшымыз жартылай финалда қарсыластарына жол берді. Біреуі 60 келі салмақта сынға түскен Римма Волосенко болса, екіншісі 81 келіде ел намысын қорғаған Анастасия Баязитова. Волосенко жартылай финалында ирландиялық Кейли Харрингтонға 0:5 есебімен жеңілсе, Баязитова ресейлік Анна Ивановаға жол берді.