ШҚО-да құтқарушылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған жарыс тартысқа толы болды. Чемпионаттың ашылуына ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысқан. Республиканың барлық аймақтарынан 19 команда бақ сынасты. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамалары кедергілермен жүз метрге жүгіру, мұнараның 4 қабатының терезесіне сатымен көтерілу бойынша сайысқа түсті. «Жарыстың сәні әйелдер командалары болды. Әсіресе Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан Қостанай қаласынан келген Айнұр Бажеваның көрсеткіші талайды таңқалдырды. Алдымен Айнұр кедергілермен жүз метрді 17,36 секундта жүгіріп өтті. Содан кейін 17,21 және шешуші сәтте межені 16,97 секундта бағындырды», - делінген ақпаратта.