loader

Головкин Альвареспен үшінші рет жұдырықтасуға келісті

Головкин Альвареспен үшінші рет жұдырықтасуға келісті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық журналист және инсайдер Майк Коппингер таратқан ақпарға сәйкес, бұл жекпе-жек 2022 жылдың 17 қыркүйегінде өтуі мүмкін. Бірақ алдымен Альварес Дмитрий Биволға, Головкин Риота Муратаға қарсы жекпе-жекте жеңіске жетуі керек.

Айта кетейік, GGG рингке былтыр желтоқсанда оралуы керек болған, алайда Муратаға қарсы жекпе-жек Жапониядағы коронавирус шектеулеріне байланысты шегерілген еді. Головкин мен Мурата қашан жұдырықтасатыны әзірше ресми хабарланбады. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы кездесуде тең есеп тіркелсе, екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы жеңген болатын. 

Сондай-ақ...