476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

WBO, IBF, WBC, WBA Ресейде жекпе-жек өткізбейді

  • 135
  • UPD: 10:53, 01.03.2022
WBO, IBF, WBC, WBA Ресейде жекпе-жек өткізбейді prosports.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO), Халықаралық бокс федерациясы (IBF), Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Ресейде жекпе-жек пен турнир өткізбеуге келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы WBO сайтында жазылған.

Кеше Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті спорт федерациялары мен турнир ұйымдастырушыларына ресейліктер мен беларусьтерді жарысқа қатыстырмауды, қатысқан жағдайда да, олар бейтарап статуста болуын ұсынған еді.

Бұған қоса, бұған дейін ХОК Ресей мен Беларусьте жарыстар өткізбеуге шақырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы