476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Украина спортшылары Паралимпиадаға толық құрамда қатысады

  • 135
  • UPD: 18:53, 01.03.2022
Украина спортшылары Паралимпиадаға толық құрамда қатысады suspilne.media

Украина құрамасы соғысқа қарамастан Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарына баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Украина құрамасы Бейжіңде өтетін 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы suspilne.media сайтына Украинаның мүгедектер спорты ұлттық комитетінің баспасөз қызметінің жетекшісі Наталья Гарач мәлімдеді.

Оның айтуынша, команда жарысқа толық құрамда ұшуды жоспарлап отыр, бірақ ұшу орнын атаудан бас тартты. Тек спортшылардың жан-жақтан аттанатынын айтты.

«Команданың бір бөлігі бір жерде, бір бөлігі басқа жерде. Бүгін біз әуежайға жетіп, бірге Бейжіңге барамыз деп үміттенемін. Команда Украинада емес. Біз қайда екенімізді айтпаймыз. Бейжіңге жеткен соң ғана қалай келгенімізді айтамыз. Ертең, 2 наурызда, Бейжіңде боламыз деп үміттенемін, ­– деді ол. – Команда жоспардағыдай толық құрамда барады».

Айта кетейік, Паралимпиада-2022 ойындары 4 наурызда басталып, 13 наурызға дейін жалғасады. Паралимпиада-2022-де барлығы 78 медаль жиынтығы ойнатылады.

Хабар 24 телеарнасы