Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24» Бокс федерациясына сілтеме жасап.

Мерей Төлегенұлы 1988 жылы 8 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика, құқықтану, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бірқатар жоғары оқу орындарында білім алған.

Спорттық мансабында бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 2013 жылғы әлем және Азия чемпионаттарының алтын жүлде иегері атанған.

Сондай-ақ Пекин-2008 Олимпиада ойындарының қатысушысы.

«Қазақстан бокс федерациясы мен еліміздің барша бокс қауымдастығы Мерей Ақшаловты жаңа лауазымымен құттықтай келе, отбасына амандық, қызметте жарқын жеңістер тілейді»,–делінген хабарламада.

Сондай-ақ...