Ресей және Беларусь шаңғышылары халықаралық жарыстарға қатыстырылмайды

Ресей және Беларусь шаңғышылары халықаралық жарыстарға қатыстырылмайды

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы осындай мәлімдеме жасады. Ұйым басшылығы Халықаралық олимпиадалық комитеттің кеңесін ескере отырып, жоғарыдағыдай шешім қабылдаған.

Бұған сәйкес, Ресей және Беларусь өкілдері маусым соңына дейін құрлықтық және әлемдік додаларға жіберілмейді. Бұл шара қалған спортшылардың қауіпсіздігі үшін қолға алынды делінген хабарламада. Жарыстар кестесіне сәйкес алда әлем кубогінің үш кезеңі бар. Олар осы айда Норвегияның қос аймағында және Швецияның Фалун қаласында өтеді. Шаңғы федерациясы Украинадағы жағдай тезірек шешіліп, спортшыларға қатысты шектеулер жақын болашақта алынады деген үмітте.

Айта кетейік, Халықаралық олимпиадалық комитет қалыптасқан жағдайға байланысты Ресей мен Беларусь спортшыларын ресми жарыстарға шақырмау және қатыстырмауға кеңес берді.