Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: екі спортшымыз финалға өтті

Бұл күндері Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Алғашқы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша екі қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Атап айтар болсақ, Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядындағы іріктеу кезеңінде 14.566 ұпай алып, финалға өтті. 

Еркін жаттығудан Милад Карими ақтық сында өнер көрсетеді. Ол 13.900 ұпаймен іріктеуде жетінші нәтиже көрсеткен. 

Дохадағы әлем кубогі кезеңі 7 наурызға дейін жалғасады. Бұған дейін қазақстандық гимнастар Германияның Котбус қаласында сынға түскен болатын.