Қазақстандық таеквондошылар Иранға аттанды. Спортшыларымызды үш жарыс күтіп тұр

Қазақстандық таеквондошылар наурызда Иранда өтетін үш халықаралық турнирге қатысады.

Иранда таеквондодан халықаралық турнирлер сериясы өтеді, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Жерлестеріміз 4-5 наурыз аралығында клубтар арасында Азия чемпионатында, 6-9 наурыз аралығында дәстүрлі «Fajr Open» аламанында, ал 10-13 наурызда Азия таеквондо федерациясының президент кубогында бақ сынайды.

Бұл жарыстарға Қазақстан атынан 30 спортшы аттанған.

Айта кетерлігі, жарыстарда Қазақстан таеквондо федерациясының төрешісі Марғұлан Адай да төрелік етеді.

Қазақстан құрамасының тізімі:

Смайыл Дүйсебай

Нұрлан Мырзабаев

Бекжан Нүснәлім

Абдурахман Марипов

Қайсар Қыдырәлиұлы

Рахат Рақым

Ілияс Жарылғасов

Мәди Аманбай

Айтуар Шайкенов

Эльдар Бірімбай

Мейіржан Абдулла

Далер Ахмет

Сапарғали Әбдірашев

Ерасыл Арапбай

Мәди Әубәкір

Әзірет Дүйсенбек

Аманбол Бегімбетов

Жасурбек Клычов

Диас Айымқұлов

Жансель Дениз

Амина Нұрғазықызы

Айдана Еділбаева

Нұрай Бауыржанова

Мария Севостьянова

Жадыра Хайруллина

Нұрай Хусаинова

Айгүл Елубай

Рита Бакишева

А.Өтеген

Нуриза Тұрарова.

Сондай-ақ...