Украинадағы қазақстандық хоккейшілер елге оралды

Украинадағы қазақстандық хоккейшілер елге оралды

Қазақстандық хоккейшілер Рамазан Алдамжаров пен Станислав Зинченко Украинадан үйлеріне жетті.

Бұған дейін украиналық лигада ойнайтын ойыншылар – херсондық «Днепрдің» шабуылшысы Рамазан Алдамжаров пен белоцерковтік «Белый Барстың» қорғаушысы Станислав Зинченконың шекарадан шыға алмай қалғаны хабарланған болатын.

Бүгінгі таңда қос ойыншы да Қазақстанда.

Қазақстандық хоккей федерациясы Украинадағы ҚР елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігіне эвакуациялауға ықпал еткені үшін алғыс айтты.