Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен «WTT Youth Star Contender» турниріне қатысады

Катарда 7-8 наурыз аралығында үстел теннисінен «WTT Youth Star Contender» жасөспірімдер жарысы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық додаға Австралия, Бельгия, Болгария, Египет, Үндістан, Иран, Йемен, Қазақстан, Катар, Қытай, Таиланд, Тайбэй, Тунис, Латвия, Ливан, Польша, Словакия, Хорватия, Чехия, Франция спортшылары қатысады. Біздің еліміздің намысын Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бахыт және Алан Құрманғалиев қорғайды. 

Спортшыларымыз осы күндері Дохада «ITTF High Performance Boys Training Camp» атты оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда.