Шаңғы жарысынан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтпейтін болды

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы әлем кубогінің финалдық кезеңін өткізбейтін болды, деп жазады Olympic.kz. 

Жоспар бойынша финалдық кезең 18-20 наурыз аралығында Түменде (Ресей) өтуі тиіс еді. Алайда әлемдік жағдайға байланысты финал басқа жерге ауыстырылды. 

Өкінішке орай, халықаралық ұйым финалды қабылдайтын жаңа орын таба алған жоқ. Осылайша әлем кубогінің соңғы кезеңі 11-13 наурыз күндері Швецияда өтеді. 

5-6 наурызда Ослода әйелдер және ерлер арасындағы масс-старт жоспарланған.