Мексикада футбол ойыны төбелеспен аяқталды

Мексикада футбол ойыны төбелеспен аяқталды

Мексика футбол лигасының 9-шы туры төбелеспен аяқталды.

Ойын аяқталуға аз уақыт қалғанда көрермендер отыратын мінбеде жанжал шығып, арты жанкүйерлер арасындағы қақтығысқа ұласты. Салдарынан футболшылар алаңнан кетіп, жергілікті клубтың жанкүйерлері бұзақылықты жалғастырды.

Алдын ала тергеуге қарағанда төбелеске жергілікті команданың ұтылып жатуы себеп болған. Тәртіпсіздік кезінде 20-дан астам адам жарақат алды.