ФИФА Ресейдегі легионерлерге келісімшартты бұзып, басқа клубқа ауысуға рұқсат берді

ФИФА Ресейдегі легионерлерге келісімшартты бұзып, басқа клубқа ауысуға рұқсат берді
РИА Новости

ФИФА легионерлерге ресейлік клубтармен келісімшартты үзуге рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ресейде ойнап жүрген шетелдік футболшылар мен бапкерлер маусым соңына дейін Ресейден кету үшін келісімшартты біржақты үзе алады. Кейін еркін агент атанып, 30 маусымға дейін жаңа клубпен келісімшарт жасаса алады. 

Клубтар трансфер кезеңі аяқталғанына қарамастан Ресейден келген ойыншыларды қатарына қоса алады. Тіркеуге 7 сәуірге дейін уақыт берілді.