Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан Иранды жеңді

Алматыда жасөспірім қыздар арасындағы гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 30:24 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды.

Екінші ойын күнінің тағы бір кездесуінде Үндістан құрамасы Өзбекстан құрамасын 32:31 есебімен ұтты.

Екі күнге созылған бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі кездесуде екі жеңісімен дара көш бастап тұр. Бір кездесу өткізген Үндістан құрамасының қоржынында бір жеңіс. Таиланд, Өзбекстан және Иран командалары алғашқы матчта жеңіліс тапты.