Қазақстандық шаңғышы Паралимпиаданың жартылай финалына шықты

Қазақстандық шаңғышы Александр Герлиц спринт сайысында Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиаданың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Герлиц іріктеу кезеңінде сегізінші орын алды. Осылайша ол жартылай финалған шыққан 12 спортшының қатарына қосылды.

Еске салайық, кеше Александр Герлиц биатлон жарысында үздік үштікке еніп, Паралимпиадада қазақстан құрамасына алғашқы жүлде алып берген болатын.