Андрей Карпович Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады

Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды.

Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын.

Карпович өзінің клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ, ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады.

Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері.

Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.

«ПАРИЖ-НИЦЦА» ВЕЛОКӨПКҮНДІГІ ӨТІП ЖАТЫР

«Астана» шабандозы 19-шы орында. Францияның таулы қыратты аумағында велокөпкүндік жалғастып жатыр. Париж Ницца бәсекесінің кезекті, яғни, үшінші кезеңі 190 шақырымға созылды. Оны ең бірінші болып даниялық Матс Педерсен жүріп өтті. Ол аталған аралықты 4 сағат 23 минут 29 секундта бағындырды. Ал «Астана» спортшылары арасынан ең тәуір нәтижеге Евгений Федоров қол жеткізді. Ол мәре сызығын 19-шы болып кесті. Айтпақшы, жарақтында байланысты қазақстандық клубтың қос мүшесі жарыс жолынан шығып қалды. Юрий Натаров пен Самуэле Баттистелла тізелерін ауыртып алды. Ал жалпы есепте Кристоф Ляпорт топ басындағы орныфн сақтап қалды. «Астана»  сапынан Давид Де ла Крус 31-ші тұр. Қалғандарының көрсеткіші тіптен төмен. Бірақ, үмітті үзбейміз. Өйткені, алда әлі 5 кезең бар. Париж Ницца велокөпкүндігі 14 наурызға дейін жалғасады.

БЕЙЖІҢ-2022: КЕЗЕКТІ ЖАРЫС КҮНІ

Қола жүлде үшін 38 миллион теңге. Александр Герлицке мемлекет тарапынан берілетін сыйақы көлемі белгілі болды. Бізде олимпиада ойындары сияқты паралимпиада мен суролимпиада жүлдегерлері де алтын үшін 250 мың, күміс үшін 150 мың, ал, қола жүлдеге 75 мың АҚШ долларын алады.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы күні кеше 10 шақырымдық парабиатлоннан үздік үштікті түйіндеді және қоржындағы медаль саны арта түсуі мүмкін. Өйткені, Александр Герлиц басқа қашықтықтар бойынша да бағын сынайды. Бұдан басқа да тағы 4 жерлесіміз бар. Олар осы парабиатлон мен парашаңғы жарыстарына қатысады. Қола жүлденің арқасында қазір еліміз жалпы медальдық есепке ілігіп, тізімнің 18-шы сатысына жайғасты. Топ басында 8 алтын жеңіп алған Қытай құрамасы. Үздік үштікті Украина мен Канада спортшылары түйіндеп тұр.