Қазақстан Бахрейндегі ММА Cуперкубогына қатысып жатыр

Бахрейн Корольдігінің астанасы Манамада ММА Cуперкубогы өтіп жатыр.

Бастапқы нұсқада турнирге ТОП-6 мықты команда: Ресей, Бахрейн, Қазақстан, Тәжікстан, Украина, Ирландия, сондай-ақ араб және Балқан елдерінен 2 команда қатысуы керек еді. Алайда әлемдегі жағдайға байланысты Украина құрамасы қатыса алмаса, Ресей құрамасы санкцияға байланысты жіберілмеді. Турнирде олардың орнын Мексика мен Океания құрамасы басты.

Жарысқа ерлер арасында 7 және әйелдер арасында 2 салмақ дәрежесінде спортшылар қатысады. 8 наурызда басталған турнир 12 наурызға дейін жалғасады.

Қазақстан атынан:

56,7 келіге дейінгі салмақта Аян Тұрсын (Алматы облысы)

61,2 келіге дейін Антонина Котляревская (Алматы)

61,2 келіге дейін (ерлер) Жәнібек Тыныштық (Ақтөбе облысы)

65,8 келіге дейін Анатолий Золотых (Қарағанды облысы)

70,3 келіге дейін Неймат Асадов (Атырау облысы)

77,1 келіге дейін Жақсыбек Аймаханов (Алматы облысы)

83,9 келіге дейін Вахид Тимербиев (Қостанай облысы)

93 келіге дейін Алик Домнич (Павлодар облысы)

120,2 келіге дейін Расул Хатаев (Павлодар облысы) қатысады.

Ал Карина Сисенова (БҚО), Еркін Бегенов (Алматы облысы) және Данил Губин (Қарағанды облысы) алмастыру үшін шығады.

Бірінші кезеңде (ширек финал) Қазақстан құрамасы Балқан елдерінің құрамасымен кездеседі.

Турнирдің ең мықты үш командасына қомақты ақшалай сыйлықтар беріледі: бірінші орынға 100 мың доллар, екінші орынға 75 мың доллар, үшінші орынға 50 мың доллар.