ҚПЛ: екінші турде күтпеген нәтиже тіркелді

Астана Ақсудан жеңілді. Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы жалғасып жатыр. Екінші тур аясында күтпеген нәтиже тіркелді.

Спорттық порталдар тіпті оны сенсацияға балап жатыр. Өйткені биыл ғана жоғарғы лигаға ауысқан павлодарлық клуб чемпионаттың үздігі саналатын «Астананы» ұтты. Кездесудегі жалғыз голды 81-минутта  Мирас Тұрлыбек соқты.

Бұдан бөлек кезекті тур аясында Тараз өз алаңында Ордабасыны жеңсе, Қызылжар сырт алаңда Шахтерге есе жіберді. Барлық матч 0:1 есебімен аяқталды. Айта кетейік, ішкі біріншілік енді басталып жатыр. Бүгін қалған командалар өзара мықтыны анықтайды. Ал үшінші тур ойындары 16 және 17 наурызда өтеді. Әзірге турнир тізімін жоғарыда айтқан Шахтер, Ақсу және Тараз командалары бастап тұр.

Сондай-ақ...