Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 542-орында тұрған америкалық Эшлин Крюгермен кездесті. Ю.Путинцева 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Юлия 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейктен (15 брейк-пойнт) аса алмады. Ю.Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы швейцариялық Виктория Голубичпен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастап, рейтингте 58-сатыдағы бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шеберлік байқасады.