Бейжің-2022: Қазақстан құрамасы 17-орында

Жетінші жарыс күнінен кейін де жалпы медальдық тізімдегі орнымыз өзгермеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бізден бөлек Швейцария мен Австралия қоржынында да 1 қоладан бар. Ал топ басына 47 жүлде жеңіп алған Қытай құрамасы көтерілді. Жергілікті спортшылар бүгінге дейін 14 алтын, 14 күміс, 19 қола еншіледі. Үздік үштікті Украина мен Канада түйіндеп тұр. Оларды өкшелеп Франция, Австрия, Норвегия Жапония сияқты елдер келеді және әрқайсысы топ басынан табылудан дәмелі.

Бейжіңдегі ойындарға қазір бас-аяғы 50 елдің өкілі, яғни 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыстың жалпы қортындысы 13 наурызда белгілі болады. Байрақты бәсекенің жабылуы салтанаты да осы күнге жоспарланған.