«Алтын доп» иегерін анықтаудың ережесі ауысты

Франциялық L'Equipe  журналы «Алтын доп» иегерін анықтаудың ережелерінің ауысқанын хабарлады, деп жазады vesti.kz.

Бұдан былай үздік футболшы бір жылдың қорытындысы бойынша емес, бір маусымның қорытындысы бойынша анықталады. Осылайша, 2022 жылғы «Алтын доп» иегері биылғы маусым аяқталған сәтте қыркүйек немесе қазан айында белгілі болады. 

«Алтын допты» алуға үміткерлердің тізімін жасауға «Челси» сапында Англия мен Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған Дидье Дрогба кіреді. 

Үздік футболшының анықтайтын қазылардың тізімі 170 адамнан 100 адамға дейін қысқартылады. 

Дауыс беру құқығына Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) рейтингінде 100 құраманың қатарына қосылатын елдердің өкілдері бере алады.