Андрей Голубев Индиан-Уэллс турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Индиан-Уэллс мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Андрей Голубев германиялық Александр Зверевпен бірге алғашқы айналымда британиялық Дэниел Эванс – ресейлік Карен Хачановпен кездесті.

Қазақстан-Германия жұбы 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.