Заңғар Нұрланұлы Словакиядағы теннис турнирінде финалға шықты

Заңғар Нұрланұлы Словакиядағы теннис турнирінде финалға шықты
blogspot.com

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Словакияда өтіп жатқан Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы Baseline Open U14 2022 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Заңғар жартылай финалда Қытайдың осы жастағылар бойынша бірінші ракеткасы Янхонг Лиді тас-талқан етіп жеңді - 6:1, 6:1.

Финалда 13 жасар қазақстандық теннисші словакиялық Зиго Шешкомен бас жүлдені сарапқа салады.

З.Нұрланұлы жұптық сында З.Шешкомен бірге финалда қытайлық Я.Ли - чехиялық Ян Растицамен 6:2, 7:5 есебімен жеңді.