Паралимпиада-2022: қазақстандық шаңғышы мәреге бесінші болып жетті

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиаданың соңғы күнінде қазақстандық спортшылар аралас эстафетаны бесінші болып аяқтады.

Александр Герлиц эстафетаның соңғы 2,5 шақырымын еңсеріп, Қазақстан командасын үздік бестік қатарына енгізді.

Айта кетейік, А.Герлиц Бейжіңдегі Паралимпиадада төртінші рет мәреге «бесінші» болып келіп отыр. Бүгін Паралимпиадада спорттың үш түрінен жарыстар өтетінін хабарлаған болатынбыз. Жексенбі күні сондай-ақ «Құс ұясы» ұлттық спорт стадионында XIII Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.